Шымкентте қойма өртеніп, бір адамды күйік шалды

Шымкентте қойманың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні 15:28 шамасында құтқару қызметіне Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойында жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қойма жанып жатқаны жайлы хабар түскен.

Қойманың аумағы 280 шаршы метр болатын шатырынан өрт шыққан.

Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оның сол қолының 6% күйіп қалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы