Шымкентте қойма өртенді

Шымкентте қойма өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы ТЖД "101" диспетчерлік қызметіне 29 тамызда сағат 15:14-те Әл-Фараби ауданындағы Әйтеке би көшесіндегі бір қабатты қойма үй-жайының жанғаны туралы хабарлама түскен.

Өрттің ауданы 150 шаршы метр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 16:11-де оқшауланып, сағат 16:28-де сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 64 адам мен 16 техника тартылды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы