Шымкентте қойма өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте екі қабатты қойма ғимараты өртеніп кетті. Отқа оранған қойма ішінде құрылыс материалдары мен тұрмыстық техника болған.

 Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт күндізгі сағат 14:42-де Сайрам көшесіндегі қоймадан шыққан. 

Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері бұрынғы кірпіш зауытының аумағында жеке компанияның бір қабатты қойма ғимараты жанғанын анықтаған. Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. 

– Оқиға орнына 2 БИС шақыру дәрежесі бойынша 120 қызметкер мен өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы, 1 өрт пойызы мен апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, жедел медициналық жәрдем бригадасы жеткен. Сондай-ақ, Полиция департаментінің 30 қызметкері мен 9 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 17.07-де оқшауланды. Өрттің себептері және материалдық зиянның мөлшері анықталуда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы