Шымкентте ҚХА-ның "Ассамблея. Праламент. Мәслихаттар" жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мәслихат депутаттарымен бірге «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем өнеркәсіп ұжымын еңбек күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, ұжымда тынбай еңбек етіп жүрген еңбекқор, іскер техник-электрик Икрамжан Әлімжанұлы Мадазовты, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджері Ғабит Бимендіұлы Қоблановты, материалдық есепші Наталья Николаевна Советованы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының алғыс хатымен марапаттады.

Отандық өндірісті елімізде ғана емес, шетелде де дамытуға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды Шымкент қалалық ҚХА төарағасының орынбасары Т. Нишанкулов, мәслихат депуттаттары А. Нұрлыбаев, А. Дубинина, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Вячеславович, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Игнатович құттықтады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы-ҚХА хатшылық меңгерушісі А.Әмзеева еңбек күні мерекесінің маңыздылығы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және оларға лайықты құрмет көрсету мақсатында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағандығы туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы
Өзгелердің жаңалығы