24 Қараша 2024 2024, 19:40
Фото: ТЖМ
Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Шымкент қаласында қысқы жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр
Шымкент қаласында қысқы жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, іс-шара барысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар талқыланды.
Бұл жұмыста заманауи технологиялар-ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды, ал ақпарат ұшқышсыз ұшу аппаратында орнатылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жеткізілді, - делінген мәліметте.
Бұл іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жылу беру маусымында өрт оқиғалардың алдын алуға бағытталды.