Шымкентте провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. 
Шымкент қаласында  COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26  провизорлық орындар жұмыс істеді.  Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19  пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады - деп хабарлады Т.Вазилов. 

Медициналық мекемелер  тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. 

Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойынша қалада  коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны  3865-ке жетті.  

Айта кету керек, елде  жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы