Кеше 2026, 23:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Шымкентте прокуратура 1,7 млрд теңге негізсіз шығынның алдын алды
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қаржыландыру параметрлері қайта қаралып, қосымша келісім жасалды.
Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, шағын аудандардың бірінде инженерлік инфрақұрылым салу жобасына тиісті негіздемесіз қаржы қарастырылған. Алайда бұл аумақта тұрғын үйлер мен халық болмаған, сондай-ақ құрылыс жүргізу қажеттілігі де дәлелденбеген.
Сонымен қатар, жер учаскелерінің бір бөлігі рәсімделмегені және жобалау-сметалық құжаттаманың нақты жағдайға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Осыған байланысты жоба мерзімінен бұрын әрі экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қаржыландыру параметрлері қайта қаралып, қосымша келісім жасалды. Нәтижесінде 1,7 млрд теңге көлеміндегі бюджет шығыстары қысқартылып, мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.