20 Маусым 2024, 09:29
Фото: polisia.kz
Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке cілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке cілтеме жасап.
Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тоннаны құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 20 келі синтетикалық есірткі болған.
- Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО) 11:12
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35