5 Қыркүйек 2026, 08:54 Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлерді кітап оқуға үндейтін жаңа клуб құрылды

Жаңа клуб полиция қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, бос уақытын тиімді өткізуге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің музейі жанынан оқырмандар клубы ашылды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер мен полиция қызметкерлері қатысты. Жиында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жастардың рухани-мәдени дамуына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев клубтың ашылуымен құттықтап, кітап оқудың тұлғалық және зияткерлік дамудағы маңызын атап өтті.

Жаңа клуб полиция қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, бос уақытын тиімді өткізуге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Бастама Ішкі істер министрлігі қолдап отырған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясындағы жұмыстардың жалғасы болып саналады.