Шымкентте полицейді ұрып, қызметтік көлікті тепкілеген жасөспірімге үкім шықты
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отырған қызметтік автокөлікті тепкілеген.
Шымкентте полицейге қол көтеріп, қызметтік көлікті тепкілеген жасөспірімге үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған А.-ға қатысты іс қаралды.
Белгілі болғандай, А. 2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданында орналасқан үйдің ауласында орын алған төбелес бойынша шақыртумен оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отырған қызметтік автокөлікті тепкілеген. Сондай-ақ, автокөліктен сыртқа шыққан қызметкерлерге бағынбай, оның бетінен ұрып жіберген.
Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкінуін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлатаын мән-жайлар анықталмады. Сот, кәмелетке толмаған А.-ны ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 1), 5) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл 4 төрт ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - деп жазылған Шымкент сотының хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енді