29 Тамыз 2025 2025, 14:06
Фото: pixabay.com
Шымкентте полицей қағып кеткен әйел қайтыс болды
28 тамыз кешкісін Шымкенттегі Желтоқсан көшесінде полиция қызметкері әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28 тамыз кешкісін Шымкенттегі Желтоқсан көшесінде полиция қызметкері әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, әйел белгіленбеген жерден жолға жүгіріп шыққан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Алдын ала деректер бойынша, жүргізуші тарапынан жол жүру ережесін бұзу анықталған жоқ. Ол мас күйінде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған, – деп мәлімдеді өңірлік ПД.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.