Шымкентте педагог кадрларды іріктеу жүйесі ендірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте педагог кадрларды іріктеудің «HR-Process» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды.
Бүгінде www.hr-process.kz сайтында педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша 137 білім беру ұйымы тіркелген. Қазір 78 бос жұмыс орны бар.
«HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкентте барлық саланы автоматтандыру және цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізудеміз. Осы сайттың арқасында оқытушы лауазымына үміткерлер онлайн режимде жұмыс таба алады. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтау болып табылады, - деді қала әкімі.
Жүйе конкурстық әдіске негізделген. Арнайы комиссия құрамына білім беру мекемелерінің директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіледі. Байқаудың барлық нәтижесі сайтта жарияланатын болады.
Айта кету керек, бұл жоба - педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер саны 25%-ға қысқармақ
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы