19 Шілде 2025 2025, 03:38 Фото: polisia.kz

Шымкентте пәтер тонап, тасада жүргендер ұсталды

Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам құрықталды. Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады.