Шымкентте пара алған 30 адам сотталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Жұмағали "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте қаладағы жемқорлықтың алдын алу шараларын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік сатып алу бақылауы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Біздің бастамамыз бойынша, 2,4 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қатар заңның үстемдігі маңызды қағидат болып табылады. Жыл басынан бері департамент 73 қылмысты тіркеді. 70 қылмыстық іс сотқа жолданды. 30 азамат сотталды, - деді Жұмағали.
Ол көбінесе айыппұл мен бас бостандығынан айырылатынын айтты.
Сотталғандардың 20 пайызы мемлекеттік органдардың құрылымдық жетекшілері. Атап айтсақ, Түркістан облысы бойынша азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясының төрағасы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол азаматтық іс бойынша оңтайлы шешім қабылдау үшін пара алғанына күдікті болып отыр, - деді ол.
Сондай-ақ, Асхат Жұмағали сәулет және құрылыс басқармасының жетекшісіне қатысты іс тергеліп жатқанын айтты.
Ол қазір қамауда отыр. Ол топографиялық карталарды жасақтауға бөлінген 498 млн теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Картаны қажетті деңгейде жүзеге асыруға бөлінген қаржы ұрланды. Қазір карта қолдануға жарамсыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арал теңізінің түбіне сексеуіл егіліп жатыр
Өзгелердің жаңалығы