Шымкентте өзгенің атынан 2,2 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте тұрғынның атына 2,2 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арыз жазған. Ол өз арызында белгісіз тұлға өзінің жеке ақпаратын пайдаланып, яғни ұялы телефоны арқылы микрокредит ұйымдарынан жалпы сомасы 2 215 000 теңге көлемінде несие рәсімдеп, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.

Қаратау ауданы полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы