Шымкентте өртенген көлікті сөндіруге 3 техника жұмылдырылды

Шымкентте электр сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан автокөлікте өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласында екі көшенің қиылысында жеңіл автокөлік өртенді. 

Өрт сәтті сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында автомобильдерде 39 өрт болды. Негізгі себеп - қысқа тұйықталу және дұрыс емес көрсетілген техникалық қызмет.

Құрметті автокөлік иелері! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!, - деп ескертті ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы