Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді
2025 жылдың 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге Азияның 40 елінен 1 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс бағдарламасында оқ ату және стенд ату спорт түрлері қамтылады. Чемпионат барысында аталған екі бағыт бойынша медальдар сарапқа салынады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – Азия құрлығының ең ірі спорттық оқиғаларының бірі, әрі алдағы халықаралық жарыстарға іріктеу кезеңдерінің бірі болуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды
Өзгелердің жаңалығы