Шымкентте оқ атудан ел біріншілігі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте оқ атудан ел біріншілігі өтті. Орталық спорт клубының нұсқаушы спортшыларының қоржынында он алтын, жеті күміс және үш қола медаль бар.
Турнир бағдарламасына жиырма бір жаттығу кірді. Спортшылар шағын калибрлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ әртүрлі тапаншалардан атып жарысты.
Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын армияның атақты спортшылары, халықаралық дәрежедегі атыс шеберлері лейтенант Жанел Серікбаева, сержанттар Диана Харченко, Елена Файнберг, Зәуреш Байбосынова, Дарья Калинина және Токио-2021 Олимпиада ойындарына лицензия иегері Юрий Юрков қорғады, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Республикалық біріншілікке алты өңірден 140 спортшы қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтайтын Баянауыл
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы