Шымкентте қоғамдық көліктерді залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден Шымкент қаласында қоғамдық көліктің 20 пайызы ғана жұмыс жасауда. Олардың қатарында "ЯНС" ЖШС, "ЯНС-2" ЖШС, "Экспресс" ЖШС, №4 автокомбинат бар. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғамдық көліктердің қысқартылуының басты себептерінің бірі – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы болып отыр. Осы орайда, Шымкент қаласының Автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағы қоғамдық көліктер мен автобус тұрақтарында залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуін бақылауға алды.

Бүгінде Шымкент қаласының бас дәрігерінің №25 қаулысына сәйкес, карантиндік режимнің күшейтілгені мәлім. Сондықтан да, дезинфекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, жолаушылардың бетпердемен кіруі және қоғамдық көліктердің ішінде арақашықтықтың сақталуы қатаң бақылауға алынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы