Шымкентте нысана көздеуден ел чемпионаты басталды

Бүгін Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстанчемпионаты ресми түрде басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – мергендер үшін биылғы маусымның алғашқы жарысы.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жүлделерді сарапқа салды.

Алтын – Алматы қаласының командасы: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Алексей Клейменов.

Күміс – Шымкент қаласының командасы: Никита Шахторин, Ринат Казаченко, Олег Носков.

Қола – Павлодар облысының спортшылары: Руслан Загитов, Владислав Костенко, Артём Потрянко.

Ертең осы бағдарламада әйелдер өзара мықтыны анықтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы