Шымкентте мыңнан аса адам көлікті заңсыз жүргізген

Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1мың 268 адамды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.

2022-2023 жылдары олар 1 мың 300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған. Көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген. Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты прокуратураның актісі бойынша бүгінде сот шешімімен 37 тұлға көлік басқару құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Қазір қалғандарына қатысты да тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы