Шымкентте мың дана маска таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен маска таратты. Онда "маска тағыңыз", "жақыныңызға жанашыр болыңыз", "үйде қалыңыз", "карантин режимін сақтаңыз" деген жазбалар бар, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алғашқы күндер аса қиын болды – дәрігер
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы