Шымкентте "Менің емханам" көпсалалық клиникасы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жуырда "Менің емханам" көпсалалық клиникасы ашылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала басшысы шаһардағы бірнеше медициналық нысандарды аралау барысында аталған клиниканың құрылысымен танысты.

"Менің емханам" көпсалалық клиникасы қалалық емханалардағы жүктемені азайту мақсатында жаңадан салынып жатыр. Болашақта медициналық мекемеге кардиолог, невролог, хирург, эндокринолог, ЛОР, офтальмолог сияқты мамандар көптеп тартылып, электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер, флюорография сияқты аспаптық зерттеулер жүргізілетін болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ скринингтік тексерулер мен мақсатты топтарды диспансерлеуді, иммундауды, СӨС қалыптастыру мен насихаттауды, отбасын жоспарлауды, жүкті және балаларды патронаждауды, әлеуметтік-психологиялық консультация беруді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы