13 Тамыз 2025 2025, 08:32 Фото: istockphoto.com

Шымкентте мектептің бас бухгалтері 451 млн теңгені қолды қылған

Жымқырылған қаражатқа пәтерлер, автокөліктер, жер телімі және бағалы қағаздар сатып алған.

Шымкент қаласында мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот материалдарына сәйкес, ол мемлекетке 451 млн теңгеден астам шығын келтірген. Жымқырылған қаражатқа пәтерлер, автокөліктер, жер телімі және бағалы қағаздар сатып алған.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жазаны кейінге қалдыруды сұрады. Сот бұл өтінішті және оның кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.