Шымкентте майдангерлерге 1 млн теңге көмек беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте соғысқа қатысқан жеті қарт ардагер тұрады. Майдангерлердің кішісі – 94 жаста. Биыл жеңіс күніне орай салтанатты шерулер өтпейді. Ал майдангерлерге құрмет кемімейді. Мемлекет тарапынан бір млн теңгеден астам әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлады «Хабар 24».
Сонымен қатар 2500-ден астам тыл еңбеккері мен жесірлерге 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлемақы бар. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген өзге жауынгерлер де назардан тыс қалмайды.
Былтыр 21 болған, биыл жетеу қалды. Ол кісілерге жыл сайын бірреттік әлеуметтік көмек беріледі. Ол мәслихаттың шешіміне сәйкес, бірреттік әлеуметтік көмек 360 АЕК. Теңестірілген ҰОС ардагерлері бар, олар ауған, Семей, Чернобыл, тәжік-ауған, Ирак, Қарабах қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі, – деді қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Михаил Шайдаров әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы