Шымкентте Құран оқудан жарыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы «Тура жол» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран оқу сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараны бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді. Жарыс шартын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Исамиддин баба» мешітінің имамы Ербосын Орын, «Абдурахман» мешітінің имамы Нәзірхан Тасходжаев және т.б азаматтар қатысты. Жарысқа 50-ден астам үміткер шәкірт бақ сынады. Оларға елге белгілі қари-хафиздар Мейірбек Сәрсенбаев пен Камилжан Садыков төрелік етті. Жарыс бес номинация бойынша өтті.
Мәнерлеп оқу бойынша 1-орын Асылхан Әмірге, 2-орын Ерасыл Сағындыққа, 3-орын Умар Шерметовке бұйырды.
5 пара бойынша 1-орын Абай Шыңғыс, 2-орын Махмутжан Исақов, 3-орын Бекзат Куржиновқа бұйырды.
10 пара бойынша 1-орынды Мухаммад Бекзат, 2-орынды Абдулазиз Илкамжанов, 3-орынды Абдуғаффар Набиев жеңіп алды.
Ал 20 пара бойынша 1-орынды Билалхан Бахтияров, 2-орынды Махсут Мирхахмет, 3-орынды Абдулазиз Бактияров иеленді.