Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастың бірнеше қосалқы ауруы болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте коронавирус індетінен көз жұмған науқастың бірнеше қосалқы аурулары болған, деп хабарлайды Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.  29 сәуір күні азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты ИВЛ аппаратына қосылған. Науқастың қосалқы аурулары: 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит, – делінген хабарламада.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да науқас қайтыс болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы