Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцинацияның 2-кезеңі басталды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталды. Екінші кезеңде қаладағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері қамтылады. «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әзірге 4800 мұғалімге салынады.

Педагогтарға 400 доза вакцина салынады. Қазір қаламызға «Гам-Ковид-Вак» вакцинасының  I-компоненті бойынша 4800 дозасы, II-компоненті бойынша 3800 дозасы әкелінді. Екінші кезеңде коронавирус вакцинасы мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орны оқытушылары мен балабақша тәрбиешілеріне салынады. Мұндай санатқа қаладағы 15 мыңнан астам адам жатады, - деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
Медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде бұл санаттағы адамдарды вакциналауға 21 егу кабинеті дайындалыпты. Ал мұғалімдерді вакциналау қаладағы 38 емханада жүргізіледі. 


Айта кетейік, Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцинацияның бірінші кезеңінде 1000 медициналық қызметкерге коронавирус вакцинасы егілді.

Вакцинация науқанын сапалы атқару үшін қалада 1000-нан астам медицина қызметкері дайындық курсына қатысып, біліктілігін арттырған. 


Ал вакцина егу ерікті түрде жасалады. Ешқайсысына вакцинаның жанама әсері болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы