Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.
Оның айтуынша, індетке шалдыққан науқастар психологиялық көмекті "1430" қосымшасына тіркеліп, онлайн түрде алады.
Бұл "1430" мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді. Мамандар коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарға психологиялық оңалту жұмыстары бойынша онлайн түрде кеңес береді. Бұл індеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан, науқастың бойында үрей қалады. Сол себепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу үшін бұл көмектің маңыздылығы ерекше, – деді Т.Варзилов.Айта кетейік, "1430" онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы осы жылдың 15 шілдесінен бастап іске қосылды. Бүгінде қосымшаға тіркелген эпидемиолог, инфекционист, пульмонолог сынды бейімді мамандардан бастап, жалпы саны 692 дәрігер халыққа онлайн түрде өз қызметтерін көрсетуде. Кеңес тобына хабарласып жатқан науқастардың саны күннен-күнге артып, қашықтан консультациялық кеңес беру жұмыстары қарқынды жүруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТОП-50 резервшінің қатарына ендім - Шынасыл Ерназар
Өзгелердің жаңалығы