Шымкентте көпқабатты тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам 16-қабаттан құлаған. Оқиға орнына шақырту түскеннен кейін полиция қызметкерлері келіп, тиісті шаралар қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған оқиға бойынша қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне байланысты берілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы