Шымкентте көпірде қысылып қалған жасөспірім құтқарылды
Шымкентте құтқарушылар темір құрылымға аяғы қысылып қалған жасөспірімді құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 23 шілде күні орын алған. 112 пультіне 2010 жылы туған жасөспірімнің Бадам өзені үстіндегі көпірден өтіп бара жатып, аяғы металл құрылымға қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралдың көмегімен металл арматураны кеңейтіп, баланың аяғын абайлап босатты.
Құтқарушылардың жедел және кәсіби әрекетінің арқасында жасөспірім ауыр жарақаттан аман қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы