Шымкентте көпбалалы ана 6 млн теңге қарызынан босатылды

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында көпбалалы анаға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімді қолдану туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Істі қарау нәтижесінде анықталғандай, арыз берушінің несие берушілер алдындағы жалпы берешегі 6 млн теңгеден асқан.  

Арыз берушінің тұрақты табыс көзі жоқ. Кәмелетке толмаған 4 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана пәтерді жалдап тұрады. Арыз берушінің қарыздары отбасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өмір сүру жағдайын жақсарту, сондай-ақ балалардың емделуі мен оңалтуына жұмсаған қаражаттан туындаған. Арыз берушінің бұрынғы жұбайының қолдауының болмауы оның қаржылық жағдайын қиындатқан. Арыз беруші балаларды күту және жұмыс берушілердің бас тартуына байланысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеулі, - деп жазылған сот хабарламасында. 

Арыз берушінің берешегі 1600 АЕК-тен асқан. Оның миіндеттемелері 12 айдан астам уақыт бойы өтелмеген. 

Берешекті өндіріп алу шаралары жүргізілген, алайда ол нәтиже бермеген. Оның мүлкі мен басқа да табыс көздері жоқ. Бұған дейін оған банкроттық рәсім қолданылмаған. 

Іс бойынша қарыз басқарушы арыз берушінің төлем қабылетсіздігін растады. Соттың шешімімен арыз қанағаттандырылды. Арыз берушіге қатысты соттық банкроттық рәсімі қолданылды. 

Қаржы басқарушысының сыйақысы борышкер әлеуметтік топқа жататындықтан Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі осал топқа жататыны ескеріліп, қаржылық басқарушының өтемақысы республикалық бюджет есебінен төленеді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы