Шымкентте колледж студенті жоғалып кетті

Полицейлер жоғалып кеткен 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке -ке сілтеме жасап.

5 тамызда әл-Фараби ауданындағы полиция басқармасына жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түсті. Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.

Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Аида Долана - "Бұлақ" колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).

Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз, - деп жазды Шымкент полиция департаментінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы