Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды. Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, мамандардан «Жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша білім алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық және келеңсіз жағдай тудырмайтын жағдай жасауды үйренеді. Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Айта кетейік, сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды, - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сонымен қатар сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші еңбек тәртібін бұзса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Ал этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылып, алдағы уақытта қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналасу қиындатылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Украина қатаң локдауннан бас тартпақ
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы