Шымкентте қиын жағдайда жүрген отбасыларға үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Халық берекесі» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін уақытша тұруға көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды.
Игі бастама аясында қиын жағдай тап болған отбасылар 3 жыл бойы тегін үйде уақытша тұрады. Осы уақытта отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлдіршіндер балабақшамен қамтылады. Мектеп жасындағы балалар қосымша курстармен қамтылып, арнайы мамандардың қызметімен жәрдемақыларды рәсімдеу мен жұмыспен қамту шаралары қарастырылған.
Уақытша баспана тағдыр тәлкегімен өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылдарға пана болары сөзсіз. Бірақ, өзіміздің қазақи тәлім-тәрбие беретін шаңырақ болуы тиіс. Батысқа еліктеп ұлттық құндылығымызды жоғалтпайық. Сол себепті көпқабатты үйдің құрылысы мен қатар әлеуметтік қолдау көрсету жобасын қадағалайтын боламыз, – деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.Айта кетсек, бұл жоба «Халық» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылады. Қазіргі таңда тұрғын үйді салуға ыңғайлы жер қарастырылып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 41 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылған
Өзгелердің жаңалығы