Шымкентте қаулы ережелерін елемеген түнгі клуб анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған түнгі клуб анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылған. Жасақталған сала өкілдері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.
Бірлескен топ өкілдері ағымдағы жылдың 8 қараша күні Асқарова көшесі бойында орналасқан «Москва» түнгі клубы түнгі сағат 01:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағанын анықтаған.
Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін мекеме иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы