Шымкентте кәсіпкерлікті қолдауға 18 млрд теңге бөлінді

Биыл Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 18,7 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 15,2 миллиарды республикалық бюджет қаржысы болса, жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңге қаралды, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері 1,4 млрд теңгеге 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Ал «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 17,3 млрд теңге бөлінген. Қазірге дейін 1 922 жоба қаржылай қолдауға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazgazeta.kz
Өзгелердің жаңалығы