Шымкентте карантиндік талаптарға қатысты жаңа қаулы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шымкент қаласыны аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» 2021 жылдың 15 мамырында №15 қаулысы шықты.

Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 16 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша, ұзартылсын. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа) өткізуге тыйым салынсын, - делінген жаңа қаулыда. 

Сонымен бірге 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі. 

Қоғамдық орындарға (оның ішінде қоғамдық көлікте) және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барғанда, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталады. 

Бас санитарлық дәрігер қаланың әкімі, мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілерге карантин кезеңінде мына шараларды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметіне рұқсат беру және шектеу осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес іске асырылсын. Сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және халық көп жиналатын орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілсін. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған жағдайда қалалық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілсін, - делінген қаулыда. 

Саяжайлар, скверлер, жағалаулар және Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялар жұмысы қалыпты режимде жүргізіледі.
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы