Шымкентте карантинде жұмыс жасаған ойынхана анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшыларының кезекті рейдтік шаралары кезінде Әл-Фараби ауданында карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқан ойынхана анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары көше бойындағы жертөледе орналасқан «Окей карта» ойынханасының жұмыс жасап жатқандығын анықтады.Тәртіп сақшылары нысан әкімшісінен түсініктеме алып, Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №32 қаулысының ережелерін сақтамай, карантин режимін бұзып, келушілерді кіргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара тағайындалып, Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы