Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмабек Ержанов карантинді ұзарту туралы қаулы шығарды.
Жаңа қаулы бойынша, салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, 65 жастан асқан адамдар үшін серуендеу шектеледі, бұрын қолданылған барлық шектеулер сақталады.Сондай-ақ, бұрынғыдай қалада жүргенде медициналық маска кию және кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті болып қала береді.
Қаулыда шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін жалғасатыны жазылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Андрей Голубев Италиядағы жарыста топ жарды
Өзгелердің жаңалығы