Шымкентте қар тазалау жұмысына 105 техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылып жатыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды.
Қар тазалау жұмысына бір уақыттың өзінде 600-ге жуық жұмысшы, 105 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1204 текше метр инертті материал сеуіп шықты, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері коммуналды техникамен қамтамасыз етуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аружан Саин бала құқығын қорғауда кездесетін мәселелерді атады
Өзгелердің жаңалығы