Шымкентте көз жұмған 3 бала дезинсекция жұмысынан уланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте қайтыс болған үш бала дезинсекция жұмысынан уланған. Қайғылы оқиға ақпан айында болған. Бұл іс бойынша Шымкентте сот басталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ақпан айында көпқабатты тұрғын үйлерде жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарын мамандар талапқа сай жүргізбепті. Нәтижесінде пәтерде қалған үш нәресте уланып қалған.
Қазіргі таңда істің қаралу сатысы сот тергеу барысында. Іс бойынша біршама куәлардан жауап алынды. Қалған куәлардан алдыңғы сот отырысында жауап алатын болады, - деп мәлімдеді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.Келтірілген деректерге қарағанда, 42 жастағы маманның екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында жүрген тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.
Қылмыстық іс бойынша екі фактіге, яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмай, осы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген, - деді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.
Сот барысында сегіз куәнің төртеуі тыңдалған. Қалғандары келесі процестерде көрген-білгенін айтуы тиіс.
Кінәсі дәлелденіп жатса, дезинсекция жүргізген маман 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы