Шымкентте инсульт орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған. Мұнда соңғы үлгідегі экспресс-класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.

Бұл құрылғылармен жұмыс істеу үшін медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы