Шымкентте індет жұқтырғандардың жағдайы бірқалыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді, деп хабарлады жергілікті жедел штабы.

Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туылған азаматтар  ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1955 жылы туылған ер кісі  өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті  ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

10.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы