Шымкентте індет жұқтырғандар саны 60-тан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру жұқтырған 4 адам Шымкент қаласының тұрғындары, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген ақпаратта.Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Тағы 7 адам жұқтырды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы