Шымкентте індет жұқтырған 34 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді (22.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 19-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған, 1-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
22.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адам анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаудың бас дәрігері тағайындалды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы