Шымкентте газдан уланған сегіз адам ауруханаға түсті
Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасындағы сегіз адам табиғи газдан уланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды.
Алдын ала болжам бойынша, улану себебі – түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, – деп жазылған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды
Келесі жаңалық
Суық қаруды жарнамалаған интернет-дүкен жауапқа тартылды
Өзгелердің жаңалығы