Шымкентте газ құю бекетінде жарылыс болды

Шымкент, BAQ,KZ тілшісі. Бүгін Шымкентте газ құю бекетінде өрт шықты. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің таратқан ресми мәліметінше, қазір өрт сөндірілген. 


«Бүгін сағат 11.03-те Шымкент қаласы Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан автогаз құю станциясында (АГҚС) өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.  Жарылыс қаупі болғандықтан 3 шақырылым бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен құралдары жұмылдырылды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері сағат 11.20-да жетіп келді.    

 «МұрАЗ» ЖШС-ның ГСС аумағында әрқайсысы 200 текше метр 2 бос ыдыс бары анықталды, ашық отпен 1 ыдыс жанған (газдың қалдықтары), екінші сыйымдылық қорғау мақсатында өрт сөндіру бөлімдерінің берген сумен салқындатылды. Сондай-ақ, автогаз құю станциясы аумағында сыйымдылығы 7 текше метр 2 автоцистерна және сыйымдылығы 50 текше метр 2 автоцистерна жарылған. Оқиға орнында 1999 жылы туылған ер азамат зардап шеккен. Өрт сағат 12.21-де оқшауланып, сағат 12.53 толық сөндірілді», - делінген хабарламада. 


Өрт сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 90 адам жеке құрамы және 21 техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы