Шымкентте газ пешіндегі ақаудан бір адам қайтыс болды

Шымкентте Абай ауданы, Игілік шағын ауданында, жеке тұрғын үйде, алдын ала табиғи газбен жылыту пешінде ақау шыққан. Оқиға салдарынан үй иесі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ, 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы