Шымкентте этноауылдан өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте этноауылдан өрт шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес түнгі сағат 00.49-да 2021 жылғы 26 тамызда «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
Өрт сөндіру бөлімдері шақыру жеріне 7 минутта келген. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 ш.м. бастырма және көлемі 8 ш.м. қораның қамыс төбе жаппасы жанғандығын анықтады, - делінген хабарламада.
Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда мұғалімдердің табысы қанша?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы